Әли Ахмедов Ирландияда кезекті жекпе-жегін өткізеді
АСТАНА. KAZINFORM – Супер орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (21-1,16КО) бүгін Ирландияда кезекті жекпе-жегін өткізеді.
BoxRec порталындағы ақпаратқа сәйкес, отандасымыз франциялық боксшы Пьер Хуберт Дибомбемен (22-1-1,12КО) қолғап түйістіреді, жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған.
Айта кетейік, бокс кеші Ирландияның Дублни қаласындағы 3Arena кешенінде өтеді. Басты жекпе-жекте жергілікті боксшы Каллум Уолш польшалық Пшемыслав Руновскиймен жұдырықтасып, WBC Continental Americas Super Welter белдігін сарапқа салады.
Бокс кеші Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлердің «360 Promotions» промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтеді.
Еске сала кетйік, бұл Әли Ахмедовтың осы жылдағы үшінші жекпе-жегі. Ол бұған дейін Карлос Риверо және Энкарнацион Диасты мерзімінен бұрын жеңген болатын.
Осыған дейін Бокс федерациясы жаңадан жасақталған бапкерлер құрамын жариялағанын жаздық.