Бокс федерациясы жаңадан жасақталған бапкерлер құрамын жариялады

Бокс спорт
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі ұлттық құраманың жаңарған бапкерлер құрамын таныстырды.

Бірнеше күн бұрын Олимпиададан кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиынына кіріскен ұлттық құрамамен қазіргі уақытта Қайрат Сәтжан бастаған жаңа бапкерлік құрам жұмыс жүргізіп жатыр.

Бапкерлік кеңестің шешімімен жаңа тізімге бірқатар бокс мамандары қосылды.

Команданың бапкерлер құрамы:

1. Қайрат Сәтжан - бас жаттықтырушы

2. ⁠Асқар Еркебаев - аға жаттықтырушы

Жаттықтырушылар:

3. ⁠Ілияс Оралбеков

4. ⁠Нұркен Андасов

5. ⁠Азамат Мақажанов

6. ⁠Талғатбек Жакпеков

7. ⁠Нұржан Насанов

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Азия чемпионатына дайындық барысында командаға білікті маман, диетолог-нутрициолог, Александр Усик, Василий Ломаченко, Теофим Лопез, Теренс Кроуфорд және тағы басқа жүзден аса кәсіпқой боксшымен жұмыс істеген Александр Фока көмектесуде.

Айта кетелік, жоғарыда көрсетілген бапкерлер тізімі әлі де толықтырылады. Жаңа мамандар бойынша шешім желтоқсан айында өтетін Қазақстан чемпионатынан кейін қабылданбақ.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан бокс федерациясы Париж Олимпиадасынан кейін қорытынды кеңес өткізіп, нәтижесінде ұйым бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілгенін атап өткен болатын.

Олардың қатарында бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылған еді.

Соңғы жаңалықтар
telegram