Әли Қабдолла қарсыласын «тұншықтыру» арқылы жеңді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық жекпе-жек шебері Әли Қабдолла Eagle FC 50 турнирінде тұншықтыру әдісі арқылы ресейлік Валерий Грицутиннен басымдығын танытты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жекпе-жек шеберлері ұрысты барлаудан бастады, сондықтан алғашқы раунд басында сериялық соққы болмады. Ресейлік қарсылас жерлесіміздің аяғына жармасты, бұл өз кезегінде қарсыластардың белсенділік танытуына мәжбүрлей түсті. Раунд соңына дейін екіжақты соққы алмасу жалғасты. Грицутин қол соққысын сәтті орындады, дегенмен Кабдулла раунд соңында тізеден басқа дейінгі және джеб әдісін сәтті қолданды.

Ал екінші кезеңде жерлесіміз Әли Қабдулла қарсыласын торға тақады. Ұзаққа созылған айқастан соң қазақстандық жекпе-жек шебері қарсыласын тұншықтыру әдісі арқылы басым түсіп, жеңіспен аяқтады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Санжар Әділов ресейлік Чармигула Сиражудиновтен басым түсіп, жеңімпаз атанды.

Соңғы раундта ресейлік белсенділік танытып, отандасымызды тор төсенішіне ауыстырды. Тордағы шайқас жалғаса түсті. Чармигула жерлесімізді торға қысып, аяқтан шала бастады. Әділов болса соққылармен жауап берді. Нәтижесінде төреші екеуін октагонның ортасына қайтарды. Соңында Әділов белсенділік танытып, қарсыласын партерге ауыстырып, үстемдігін танытты.

Айта кетсек, елордада өтіп жатқан Хабиб Нурмагомедов турнирінің алғашқы жекпе-жегінде отандасымыз Кирилл Геккель жеңіліп қалған еді.

Кеше елордада Eagle FC Хабиб Нурмагомедов турнирінің промоушен кездесуі өтті.

Хабиб Instagram парақшасында Нұр-Сұлтан қаласының өзгергенін айтып, бүгін, яғни 21 тамызда «Барыс Аренада» мерейтойлық турнир өтетінін жазды.

Сондай-ақ, бұған дейін UFC бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов өзінің Eagle FC лигасы бойынша Қазақстанда үлкен турнир өткізу жөніндегі жоспарын жариялаған болатын.





Соңғы жаңалықтар