17:44, 19 Мамыр 2015 | GMT +5
Әли Оқапов балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап қайырымдылық концерт берді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық әнші Әли Оқапов Алматыдағы №2 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап қайырымдылық концерт берді. Қайырымдылық шараны «Парыз» қайырымдылық қоры ұйымдастырды.

«Балалар Әлидің шығармашылығын өте жақсы көреді. Басында олар бізден концертіне билет алып беруімізді өтінген болатын. Біз әншінің өзімен тікелей тілдесіп, концерт ұйымдастыруды ұйғардық. Әли бірден келісті», - деді «Парыз» қайырымдылық қорының өкілі Жанна Асанова.
Бұл кездесуге балалар әбден дайындалғаны көрініп тұр. «Алтын ұя» тәрбиеленушілері, үйірмеге қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды. Кейін әнші Әли Оқапов пен оның командасы ән мен биден шашу шашты.
Өз кезегінде балалар үйінің қолөнер үйірмесіне қатысушылары Роза Рымбаеваға арнап қолөнер бұйымдарын сыйға тартты.
«Мен сіздерді жақсы көремін. Осымен үшінші рет келіп отырмын. Сіздердің ыстық ықыластарыңызға деген құрметім шексіз», - деді әнші.