Әлихан мен Айзере - 2017 жылғы ең танымал есімдер

2017 жылы қазақстандықтар балаларының атын көбінесе Айзере, Әлихан деп қойған.
Ең танымал есімдердің үштігіне Айзере, Айару, Раяна кірген. Бұл есімдер сәйкесінше 2262, 2059 және 1918 балаға қойылған.
Ер балалардың ішінде Әлихан, Айсұлтан, Нұрислам есімдері соңғы 4 ай бойы бірінші орынды бермеген.
Бұл есімдер 1547, 1400 және 1110 балаға қойылды.
Биыл мамырда 500 баланың ата-анасы қасиетті Рамазан айына байланысты балаларының атын Рамазан деп қойды.
Аталған топтағы ең сирек есімдерге келсек, қаңтарда Іңкәр есімі - 124, Диана - 102, Аяла - 119, Адина - 124 және Айша есімі 125 қыз балаға берілді. Ұлдарға келсек, Ислам - 107, Дамир - 189, Артем - 103 және Дінмұхаммед 124 балаға қойылды.
Айта кету керек, биыл АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-мамырда 155 400-ден аса бала туған.
Бұл 2016 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 6,2% аз.