13:06, 02 Сәуір 2022 | GMT +5
Әлихан Смайылов тұрғындардың сауалдарына желідегі жеке парақшасында жауап береді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Facebook желісінде жеке парақшасын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Facebook-те жеке парақшамды аштым. Жазылыңыздар, сұрақ қойыңыздар, идеялар ұсыныңыздар. Мүмкіндігінше сауалдарыңызға жауап беріп, қажетті шешімдерді қабылдаймын», - делінген Үкімет басшысының хабарламасында.