Әлихан Жамсатов - Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі

АСТАНА. KAZINFORM – Әлихан Жамсатов Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болғаны хабарланды.

Алихан Жамсатов назначен завотделом госконтроля Администрации Президента
Фото: mtqb.qr-pib.kz

- Мемлекет басшысының өкімімен Әлихан Қайыргелдіұлы Жамсатов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - деп жазылған Ақорданың ресми сайтында.

Әлихан Қайыргелдіұлы 1983 жылы Павлодар облысында туған.

Білімі:

Қазақ мемлекеттік заң академиясы, құқықтану (2004);

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, құрылыс (2012);

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, саясаттану (2014).

Еңбек жолы:

«Энергоцентр» АҚ, Павлодар қ. – заңгер-кеңесші (2004–2005);

Ақсу қаласы әкімінің аппараты, Павлодар облысы – бас маманның м.а., бас маман, заңгер (2005–2006);

Павлодар облысының қаржы департаменті – бас маман; кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті – бөлім бастығы (2006–2008);

«Group of Financial Analytics» ЖШС – директордың орынбасары; «СПК «Ертіс» ҰК» АҚ-ның Павлодар облысы бойынша департаментінің менеджері, Семей қ. (2008);

ҚР Парламентінің шаруашылық басқармасы – бас сарапшының м.а., бас сарапшы, басқарма бастығы (2008–2012);

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі – бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы (2012–2014);

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті – басшының орынбасары (2014–2015);

ҚР Парламентінің шаруашылық басқармасы (МТҚ басқармасы) – басшының орынбасары (2015–2019);

ҚР Президенті Іс басқармасы ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі (2019–2022).

2022 жылғы сәуірден бастап ҚР Президенті Іс басқармасының «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болды.

Айта кетейік, Бақытжан Сапиев Президенттің кеңесшісі болды.

Соңғы жаңалықтар