Алик Айдарбаев Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі болып тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алик Айдарбаев Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы аталмыш ведомство басшысы Жеңіс Қасымбек фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін ұжымға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі болып тағайындалған Алик Айдарбаевты таныстырдым. Алик Айдарбаев мемлекеттің маңызды салаларында қызмет атқарып келе жатқан аса тәжірибелі тұлға. Елбасының сеніміне ие болған мықты ұйымдастырушы, іскер басшы ретінде өзін Маңғыстау облысының әкімі болып тұрғанда және оған дейінгі қызметтерінде жан-жақты көрсеткен еді. Ендігі ретте Алик Серікұлын тағы да үлкен жұмыстар, жаңа міндеттер күтіп тұр. Аса тәжірибелі маманның келуімен министрлік жұмысы одан әрі жанданып, Мемлекет басшысы мен Үкімет алдындағы міндеттерді ойдағыдай атқаруға атсалысады деген сенімдемін», - деп жазады министр Жеңіс Қасымбек.
nullnull 

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысының әкімі лауазымын атқарған А.Айдарбаевтың орнына облыс мәслихатының шешімімен  Ералы Тоғжанов тағайындалған болатын . 

Соңғы жаңалықтар
telegram