Алик Шпекбаев «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады
Қабылдау барысында Қарағанды облыстық прокуратура қызметшілерінің әрекетіне қарсы шағымданған «Сантехпром» ЖШС директоры Владимир Крючков болды. «2006 жылы біз Қарағанды облыстық әкімдігімен жасалған келісімшартқа сәйкес Октябрь өндірістік аймағында табиғи қолданысқа жер учаскесін алған болатынбыз. Кәсіпорын жұмысшылары үшін демалыс орнын салуды жоспарлағанбыз, соған байланысты көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын өткізе бастадық», - дейді Владимир Крючков.
Алайда, оның айтуынша, 2014 жылы осы аумақта орналасқан, жағдайы одан бұрын да қауіпті болған, бөгет жарылды. «Бөгеттің меншік иесі «Шаңырақ» агрофирмасы болғанымен, осы оқиғадан кейін маған екі бап бойынша айып тағылды. Мен, заңды тұлға ретінде тек қана осы жерде коммерциялық қызмет атқарған едім», - деп түсіндірді арызданушы. Осы күнге дейін аталған іс бойынша тергеу Қарағанды облысының арнайы прокуратурасы айналысады, бір жылдан астам уақыт бойы бұл іс облыстық ІІБ-ның қарауында болған.
Істің материалдарымен таныса келе, ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары агенттік қызметкерлеріне осы істі өз бақылауына алуға тапсырма беріп, оны одан әрі қарау үшін ҚР Бас прокуратурасына жолдады.
Ал Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Бақытжан Малшыбаева бейне-байланыс арқылы Павлодар облысы, Екібастұз ауданының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің Павлодар облысының ІІБ қызметкерлеріне қатысты істі тергеуде қағазбастылыққа салынған деп арызданды. «2014 жылы 24 қарашада мен күйеу балам мен 11 айлық немересімен Астанадан Семейге жолға шыққан болатынбыз. Біздің көлікті жол полициясы қызметкерлері тоқтатып, күйеу баламды есірткі қолданғансың деп айытпады. Одан кейін қызметкер біздің көлігімізді Екібастұзға жөнелтті. Ол жерде мен кішкентай нәрестемен күйеу баламды 3 сағат бойы күттім. Осы іс бойынша ешқандай тергеу де, айыптылар да анықталған жоқ», - дейді Бақытжан Малшыбаева.
Осыған байланысты Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі департамент жетекшісі Денис Шакенов осы істің қазіргі кезде жергілікті прокуратурада жатқанын айтып өтті. «17 қаңтарда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында қызметкерлердің тұлғалары анықталып, көзбе-көз беттестіру өткізілді. Қажет болған жағдайда, біз арызданушының қосымша дәлелдерін қарауға дайынбыз», - деді Денис Шакенов.
А. Шпекбаев істің дұрыс қаралуына қатысты тапсырмалар берді.