Алимент мүлдем төленбеген құжаттардың саны 76 пайызға төмендеген - Б. Имашев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алимент мүлдем төленбеген құжаттардың саны 76 пайызға төмендеген. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Әділет министрі Берік Имашев мәлім етті.
None
None

«Ағымдағы жылғы 30 мамырда жеке сот орындаушыларының орындауында алиментті өндіріп алу туралы 35 мың 206 іс жүргізу болды. Егер жалпы айтатын болсақ, қолданған шаралар арқылы алимент мүлдем төленбеген құжаттардың саны айтарлықтай, атап айтқанда 76 пайызға төмендеді. Яғни, 15 мың құжаттан 3 жарым мыңға дейін төмендеді», - деді Б. Имашев.

Сонымен қатар, министр борышкерлердің жұмыс орнының, кірістерінің, өндіріп алуға болатын мүлкінің болмауына не оны әдейі жасыруына байланысты алиментті өндіріп алу проблемасы сақталып отыр. Мұндай істер шамамен 1,5 пайызды немесе 220 мың істің 3 мыңын құрайды. Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, бұл көрсетікш бойынша Қазақстан еуропалық стандарттарға жақындаған. «Алайда, әрбір атқарушылық іс жүргізудің артында баланың ауыр тағдыры тұрғандығын түсінеміз. Сондықтан, біз әр баланың мүдделері арқылы істердің осы санатын барынша азайту үшін бәрін жасаймыз.
Бұл ретте, мемлекеттік сот орындаушысы да, жеке сот орындаушысы да азаматтық тұлға болып табылады. Сот орындаушылары мүлікті ресми көздерден іздестірумен шектеледі, яғни жасырын мүлікті айқындай алмайды», - деді Б. Имашев.

Соңғы жаңалықтар