Алимент төлемеген Лисаковск тұрғыны тұтқындалды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Лисаковскіде сот борышкер алимент төлемеген ер адамды ұстады. 171 мың 360 теңге қарызы бар заң бұзушы 1 тәулікке қамалды.
None
None

 «Атқару парағына сәйкес азамат К. Р-ның пайдасына ай сайын балаларды асырауға еңбекақысының ¼ бөлігін төлеуі тиіс», - делінген Қостанай облыстық соты баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сот отырысында заң бұзушы өз айыбын толықтай мойындады. Алимент төлемеу себебін ол еш жерде жұмыс істемейтіндігімен, кірісі жоқтығымен түсіндірді.

Сот оны ӘҚтК 669-бабына сәйкес айыпты деп таныды. Ол бір тәулік тұтқындау әкімшілік жазасына тартылды.

Соңғы жаңалықтар