Алимент төлеуден қашқан әке 5 тәулікке қамалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Алматы ауданының прокуратурасымен Ж.Кемалованың арызы негізінде С.Кемаловтан кәмелеттік жасқа толмаған қызын асырауға алимент төлемдерін өндіру туралы сот актілерінің орындалуының заңдылығына тексеріс жүргізілді, деп хабарлайды Астана қаласы Алматы ауданының прокуратурасынан.
None
None

Тексеріс барысында, борышкердің 2011-2013 жылдар бойы тұрақты еңбекақы төлейтін жұмыс орны бола тұра, алименттік төлемдерін аудармағандығы анықталды.

Аталған факті бойынша аудан прокуратурасымен әкімшілік іс қозғалып, 2014 жылдың 19 сәуіріндегі соттың қаулысымен, борышкер С.Кемалов 5 тәулікке «әкімшілік қамауға алу» түріндегі жазаға тартылды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум