2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Алина Чистякова 20 жылдан кейін елге жетісайыстан жүлде әкелді

АСТАНА. KAZINFORM — Алина Чистякова жетісайыстан 20 жылдан кейін жазғы Азия ойындарының жүлдесін алып берді.

Алина Чистякова
Фото: Спортты дамыту федерациясы

ХХ жазғы Азия ойындарында жетісайыстан әйелдер арасындағы жеңімпаздар анықталды.

Қатысушылар 3 күн бойы кедергілер арқылы 100 метрге жүгіру, биіктікке секіру, ядро итеру, 200 метрге жүгіру, ұзындыққа секіру, найза лақтыру және 800 метрге жүгіру сайысының қорытындысы бойынша жеңімпазды анықтады.

Жарыс нәтижесі:

Юри Танака (Жапония) - 5920 ұпай
Нанака Каджики (Жапония) - 5673 ұпай
Алина Чистякова (Қазақстан) - 5568 ұпай

Айта кетейік, бұған дейін Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова 2006 жылы Дохадағы Азиадада топ жарған болатын.1516:43 

Айта кетелік Қазақстан әйелдер құрамасы семсерлесуден Азиаданың қола жүлдесін жеңіп алған еді.