Қазақстан әйелдер құрамасы семсерлесуден Азиаданың қола жүлдесін жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM — Семсерлесуден Қазақстан әйелдер құрамасы Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды.
Командалық шпага бәсекесінің жартылай финалында қазақстандық спортшылар Қытай құрамасымен кездесті. Кездесуде қарсылас команда 45:21 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы командалық сайысты қола медальмен қорытындылады.
Қазақстан сапында Ирина Бакалдина, Владислава Андреева, Дарья Самоделкина және София Николайчук өнер көрсетті.
Еске салайық, бұған дейін мерген Ислам Сәтпаев Азия ойындарының қола жүлдегері атанғанын хабарлаған едік.