Алып адам һәм алтынға қадам: Powerful nomad тұңғыш жеңімпаздары кімдер

АСТАНА. KAZINFORM – Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілген Powerful nomad спортының жүлдегерлері анықталды. Бұл жарыстың тұңғыш жеңімпаздары ретінде тарихқа есімі жазылатын спортшылар кімдер?

Powerful nomad
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Жарыс ережесіне сәйкес, спортышлар бес кезең бойынша кіл мықтыны анықтады. Атап айтсақ, 100 келі тасты көтеріп, оны 10 метрге жылжыту; 100 келілік қаппен отырып тұру; 10 келілік найзаны оң немесе сол қолмен 10 метр қашықтықта тұрған нысанаға лақтыру; 130 келілік бөренені иығына салып, отырып тұру және салмағы 200 келі арбаны 10 метрге сүйреу бойынша үздіктер анықталды.

Powerful nomad
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Жарыстың тартысты өткені соншалық, бір кезеңде үздік шыққан спортшы келесі кезеңде көш соңында қалып қойды. Яғни, әр спортшының оң жамбасына келетін кезеңдер болды. 

Powerful nomad
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Десе де, әр кезеңде ұпайдан шашау шығармаған қазақстандық Азамат Мақұлбеков 136 ұпай еншілеп, Powerful nomad спортының тұңғыш чемпионы атанды. Екі ұпайға кем жинаған (134) Иран спортшысы Реза Гейтаси күміспен күптелді. Ал ресейлік Денис Вагапов (118 ұпай) қолаға қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар