Әлішер Каримов Елбасына ізгі тілегін білдірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әнші Әлішер Каримов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирустан тезірек жазылып кетуіне тілекші екендігін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізді өте жақсы көреміз. Тезірек сауығып, ұзақ ғұмыр сүруіңізге тілекшімін», - деп жазды әнші Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Covid-19-ға тапсырған сынамасы оң нәтиже көрсеткенін хабарлаған еді. Соған қарамастан Нұрсұлтан Әбішұлы өзін-өзі оқшаулап, қашықтан жұмыс істеуді жалғастыруда.
Осы уақытқа дейін еліміздің барлық өңірлерінен жұртшылық Елбасының саулығын тілеп, ізгі ниеттерін білдіруде. Мұнан бөлек, Ресей Президенті Владимир Путин , Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған , Үндістанның Премьер-Министрі Нарендра Моди , Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық пен тезірек сауығып кетуін тілеп жеделхат жолдады.