Әлия Молдағұлова атындағы мәскеулік мектепте салтанатты жиын болды

None
None
МӘСКЕУ. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Бүгін Қазақстан Республикасының Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Әділбек Жақсыбеков Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова атындағы № 891 мәскеулік мектепте Жеңіс Күніне арнап ұйымдастырылған салтанатты жиынға қатысты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қазақ халқының батыр қызын еске алуға соғыс ардагерлері мен оның қаруластары, қазақстандық студенттерімен Мәскеудегі қазақ диаспорасының өкілдері жиналды.Ә.Жақсыбеков батырдың мүсініне гүл шоқтарын қойды. «Сіздің мектептеріңіз есімімен аталатын Әлия Ресейдегі секілді Қазақстанда да өте қадірлі және қасиетті, - деп атап өтті Қазақстан Елшісі салтанатты рәсімде. ? Біздің халықтарымыз көп ғасырлардан бері қуанышты да, қайғыны да ортақтаса көтеріп келеді. ХХ ғасырдың ең қанды қырғыны ? Ұлы Отан соғысында қатар жүріп ерлік көрсеттік, жеңіске де бірге жеттік».Мектеп орналасқан көше де Ә.Молдағұлова атында. 1942-1945 жылдары мұнда мергендер дайындайтын әйелдердің орталық мектебі жұмыс істеп, ол 2 200 мерген-қыздарды дайындап шығарды. 1943 жылы мектепті бітірген 18 жастағы Әлия 54-ші жеке атқыштар бригадасының (22-ші армия, 2-ші Балтық майданы) 4-ші батальонының мергені болды. Әлия Молдағұлова 1944 жылы Псков облысының Казачиха деревнясында кескілескен ұрыста ерлікпен қаза болды. Бұл күні Ә.Жақсыбеков қазақстандық ардагерлермен кездесті.
Соңғы жаңалықтар
telegram