Алкогольді ішімдіктер сатылатын дүкеннен қолтырауын табылды

АСТАНА. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Нью-Йорк штатындағы Лонг-Айлендте орналасқан алкогольді ішімдіктер сататын дүкендердің бірінде ұзындығы бір метр болатын қолтырауын табылды,
None
None

деп хабарлайды Associated Press .

Жануарларды қорғаушылар оны дүкен қызметкерлерінен тәркілеп, хайуанаттар бағына жіберді. Дүкеннің екі қызметкеріне жануарға заңсыз иелік еткені үшін айыппұл салынды.

Дүкен иесі - әйел азаматшаның журналистерге хабарлауынша, оның қол астындағы қызметкерлердің бірі осы жануарымен тұратын қандай да бір тұрғын жай табылғанша, жануарды дүкенде ұстауға рұқсат сұраған екен. Әйел дүкенде өмір сүріп жатқан жануардың қолтырауын емес, алып кесіртке екеніне сенімді еді.

Американдық ересек қолтырауынның ұзындығы жынысына байланысты 3 метрден 4,5 метрге дейін болады. Олар жыртқыштар, жабайы табиғатта көбіне кішігірім сүтқоректілер және бақа-шаяндармен қоректенеді. Сонымен қатар, американдық қолтырауындар Флорида, Миссисипи, Луизиана, Солтүстік және Оңтүстік Каролина штаттарының тұрғындарына да жиі шабуыл жасап тұрады. Кей кездері олардың шабуылының соңы адам өліміне алып келеді.

Соңғы жаңалықтар