Алкогольді өнімнің «көлеңкелі» бизнесі жарты жылда Астанаға 1,8 млн. теңге залал келтірді - Астана қалалық Қаржы полициясы

АСТАНА. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Биылғы жылдың алты айында алкогольді өнімнің «көлеңкелі» бизнесінен Астананың бюджет қоржынына 1 млн. 816 мың теңге залал келтірілді.
None
None

Бұл туралы бүгін брифинг барысында Астана қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (Қаржы полициясы) баспасөз хатшысы Толқын Нәбиева мәлім етті.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта алкогольді ішімдіктердің заңсыз айналымы бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды.

«Жалпы шығын көлемі 1 млн. 816 мың теңгені құрады. Оның ішінде 942 мың теңгенің орны толтырылған. Тәркіленген алкогольді өнімдердің жалпы құны 550 мыңнан астам теңгені құрап отыр», деді ол.

Т. Нәбиеваның атап көрсеткеніндей, осы қылмысқа барған азаматтарға қатысты сот тек айыппұл салу шешімін ғана шығара алады.

Мәселен, оның айтуынша, «жалпы сомасы 246 мыңнан асатын алкогольді ішімдіктерді қала дүкендеріне тиісті рұқсаттама қағазынсыз сатып келген Жүнісова деген кәсіпкерге 145 мың теңге айыппұл салынған».

Соңғы жаңалықтар