Аллаһ есімі жазылған шабдалы - Шығыс Қазақстан облысы

СЕМЕЙ.   Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ -     Шығыс Қазақстанның Георгиевка   ауылының  тұрғыны  Марат Уәлишанов      іссапардан үйіне  ерекше шабдалы  алып  келді.
None
None

Алматыдан үйіне қайтар алдында Марат  дүкеннен    жеміс  сатып  алады. Үйіне    келген соң, Марат  туыстарына  әкелген базарлығы -шабдалыдан дәм татқызбақшы болады. 

  Дастарханға қояр алдында   жемісті жумақ  болған   қарындасы  Әлфия   шабдалының  бірінен  араб жазуына ұқсас   таңбаны  байқайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Марат Уәлишановтың    анасы - Гауһардың   айтуынша,     олар  ғажайып жемісті алып,   жергілікті имамға    барады.   Имам     шабдалыдан «Аллаһ»  және  «Мұхаммед» деген сөздерді  оқиды  және Жаратушы   өз құдіретін  адамдарға  осылайша көрсетіп отырғанын  айтады.   Осындай   белгі  Маратқа  бұйырса,    енді  ол  дінге  бет бұруы керек,  дейді.

 «Мұны   біз  отбасымыз үшін  ерекше  белгі  деп санаймыз.   Біздің    жанұямызды   бір жақсылықтың  күтіп тұрғанына сенемін»,  дейді  Гауһар   Уәлишанова.

Соңғы жаңалықтар