Алма-Арасанда радон бұлақтарын кешенді жаңғырту басталды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Бүгін, 13 мамырдан бастап Алма-Арасан тұрағынан радон көзіне дейінгі бағытты кешенді жаңғырту жұмыстары басталды.

Алматы әкімдігенен мәлім еткендей, жоба бастапқы инфрақұрылымды жаңартуды, беткейлерді нығайтуды, көпірлерді қайта құруды және жаңа палубалар, баспалдақтар мен демалыс орындарын орнатумен бүкіл жолды абаттандыруды қамтиды.
– Бұлақ ауданында өнеркәсіптік альпинистердің қатысуымен тас құлауынан қорғау жұмыстары жүргізіледі. Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тау жыныстарының тұрақсыз фрагменттерінен, соның ішінде сынықтар мен гидроқұралдарды пайдалана отырып, тастарды қолмен төгуді қоса алғанда, беткейлерді тазарту жүргізіледі,– деп хабарлады әкімдіктен.
Алаңы шамамен 200 шаршы метр беткей беті тростармен тартылған металл торлармен қосымша нығайтылады, бұл тау массаларының тұрақтылығын арттыруға және құлау қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
13 мамырдан 3 маусымға дейін радон бұлақтары жұмыс күндері сағат 09:00 — ден 18:00-ге дейін жабылады.
3 маусымнан 3 шілдеге дейін ескі көпірлерді бөлшектеуге, жаңа соқпақ учаскелерін және баспалдақтарды орнатуға байланысты, радон бұлақтарына дейінгі жаяу жүргіншілер жолы жұмыс күндері толық жабылады.
Демалыс күндері жұмыс жалғасуы мүмкін жекелеген аймақтарды қоспағанда, кіру ашық болады.
Жаңарту жұмыстарын аяқтау 31 шілдеге дейін жоспарланып отыр. Бұл ретте жекелеген жұмыстардың мерзімдері ықтимал ауа райы жағдайларына байланысты өзгеруі мүмкін.
— Қала тұрғындары мен қонақтарынан сапарды жоспарлау кезінде уақыт шектеулерін ескерулерін сұраймыз. Жұмыс барысы және уақытша жабылу туралы ақпарат қосымша жарияланатын болады. —деп атап өтті әкімдіктен.
Осыған дейін Алма-Арасан шатқалына апаратын жол жөнделетіні туралы жазғанбыз.
Сондай-ақ толассыз жауған жауын салдарынан жардан тас құлаған болатын.