Алма-Арасанға апаратын жол бір айға жабылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алма-Арасан маңындағы тұрақтан радон бұлақтарына дейінгі жол 3 маусымнан 3 шілдеге дейін жабылады. 

Алма-Арасанға апаратын жол бір айға жабылады
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы әкімдігенен мәлім еткендей, уақытша шектеу келушілер үшін құрылыс-монтаж жұмыстарының қауіпсіз әрі ыңғайлы орындалуын қамтамасыз ету үшін қабылданып отыр. 

— Екінші кезең аясында ескі көпір құрылымдарын бұзып, жаңасына ауыстыру, жаңа соқпақтар, баспалдақ элементтері мен көріктендіру нысандары орнатылады. Шектеу бұлақ жағынан «Қыздың көз жасы» сарқырамасы мен «Терра» алқабына баратын жолға да қатысты, - деп хабарлады әкімдіктен. 

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айынан бастап алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілген болатын. 

Айта кетейік, жұмыс, демалыс және мереке күндері де жол толықтай жабық болады. Жөндеу жұмыстарын 31 шілдеге дейін аяқтау жоспарда тұр. Жобаның мақсаты – қазіргі заман талабына сай қауіпсіз, ыңғайлы және экологиялық тұрақты туристік бағыт қалыптастыру.

Осыған дейін Алма-Арасан шатқалына апаратын жол жөнделетіні туралы жазғанбыз. 

Сондай-ақ толассыз жауған жауын салдарынан жардан тас құлаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар