Алмалы аудандық соты ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агентігінің Еуразиялық банк басшылығына қатысты бұйрығының күшін тоқтатты

АЛМАТЫ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматы қаласы Алмалы аудандық соты ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің «Еуразиялық банк» АҚ-ның басшылығына қатысты бұйрығының күшін  тоқтатты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл бұйрық бойынша   Басқарма төрағасы Жомарт Ертаев пен оның орынбасары Алексей Агеев Директорлар кеңесінің шілденің 7-сі күні өткізген мәжілісінде қызметтерінен босатылған еді. Бұл туралы банк басшылығы кеше Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Онда Жомарт Жідігерейұлы өзінің ақтығын дәлелдеу үшін сотқа шағым  түсіретінін жеткізген болатын. Оны қараған Алмалы аудандық сотының судьясы Н. Ескендірова бүгін   іс қаралғанға дейін ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің №206 бұйрығының күшін тоқтатуға шешім шығарды.

Соңғы жаңалықтар