Алмасадам Сәтқалиев МАГАТЭ Бас директорымен кездеседі

Қазақстан делегациясының МАГАТЭ Бас конференциясының 67-ші сессиясына қатысады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алмасадам
Фото: ҚазАқпарат

«2023 жылғы 25-29 қыркүйекте Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) Венада өтіп жатқан Бас конференциясының 67-ші сессиясына қатысады. Қазақстанның атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы әлеуетін көрсету мақсатында «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ, ҚР Ұлттық ядролық орталығы және ҚР Ядролық физика институты бірлесіп ақпараттық стенд-павильон ұйымдастырды. Конференция аясында МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты дамыту бойынша іс-шаралар өткізу жоспарланған», - деді А. Смадияров апталық брифингіде.

Оның айтуынша, А. Сәтқалиев басқа елдерден келген делегациялардың басшыларымен, сондай-ақ МАГАТЭ Бас директоры Рафаэль Гроссимен екіжақты кездесу өткізеді.

Соңғы жаңалықтар