Алматы әкімдігі 2021 жылдан бері жұмысын аяқтамаған 2 мердігерді сотқа берді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда қалалық мәслихаттың кезектен тыс XXXV сессиясы өтті.

п
Фото: pexels

Сессия барысында Алматы қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті қаралды. Сұрақ-жауап кезінде депутаттар Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының басшысы Батырхан Сүлейменовтан «Кемел» шағын ауданында ұзаққа созылған абаттандыру жұмыстары туралы сұрады.

- «Кемел» шағын ауданында аумақты абаттандыру жобасы 2021 жылы басталған. Сол уақыттан бері бізде 2 мердігер болды және екеуімен де сот болды. Бұл істер Алматы әкімдігінің пайдасына шешілді. Сот үкімімен алдын ала берілген қаражат қайтарылады, - деді ол.

Сондай-ақ ол 2025 жылдың соңына дейін ескірген жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізілетінін атап өтті. Айтуынша, абаттандыру жұмыстары 2026 жылдың қазан айына дейін аяқталады.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда опырылған жол үшін мердігер жауапқа тартылды.

 

Соңғы жаңалықтар