Алматыда велосипедті жалға беру қызметі неліктен тоқтап тұр
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматы әкімдігі “Almaty bike” велосипедтерін жалға беру қызметін қамтамасыз ету үшін қазан айының соңында жеке компаниямен шарт жасасты. Дегенмен, бұл шешімге әлеуметтік желідегі шағымнан соң, әкімдік неліктен ауа райы салқындап, қыс жақындағанда ғана мұндай келісім жасалғанын түсіндірді.

Алматы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, «Almaty bike» жұмысын қамтамасыз ету үшін жыл басынан бері Қалалық мобилділік басқармасы мемлекеттік сатып алуға 3 конкурс өткізген. Алғашқы екі байқау қызмет көрсетушілердің болмауына байланысты тоқтатылған. Ал үшінші конкурстың қорытындысы бойынша биыл 19 тамыз күні жеңімпаз болып «Гео Проект Инжиниринг» ЖШС анықталды.
Алайда 23 тамыз күні конкурсқа қатысқан екі компания да конкурс қорытындысымен келіспей, Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне шағым жолдаған. Департамент шағымды қарап, 5 қыркүйекте оларды қарастырудан бас тартқаны туралы жауап жолдады.
«Осы жылдың 4 қазанында конкурс қорытындысы негізінде Қалалық мобилділік басқармасымен „Гео Проект Инжиниринг“ ЖШС арасында қызмет көрсетуге шарт жасалды. Алайда 21 қазан күні аталған ұйыммен жасалған шартты жарамсыз деп тану туралы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына талап-арыз жолдады. Бүгінгі таңда сот талқылаулары жүріп жатыр», — деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, бұған дейін Қонаев әкімдігі қалада аяқталмаған жұмысқа 12 млрд теңге төленгенін жоққа шығарды.