10:34, 13 Наурыз 2025 | GMT +5
Алматы әкімдігінде неліктен әйелдер аз — Досаев жауап берді
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесті.

Кездесуде аудан тұрғыны қала басшылығында қызмет атқаратын әйелдер неліктен аз екенін сұрады.
— Бұл тұрғыдан Алматы ерекше деп ойлаймын. Бізде екі аудан әкімі әйел, еш жерде мұндай жоқ. Бізде әйел басқарма басшылары да бар. Менің орынбасарым бар — Әсем Нүсіпова. Әрине, әзірге мінсіз гендерлік теңдік жоқ. Бірақ әкімдіктегі жоғары лауазымдарды әйелдер атқарып жүр. Мен оларға ер адамдарға қарағанда көбірек сенемін, өйткені олар сенімді, — деді Ерболат Досаев.
Еске салайық, бұған дейін БҰҰ басшысы әйелдердің құқықтарын қорғау үшін әрекет етуге шақырғанын жазғанбыз.