Алматы алтын түске боялды – фоторепортаж
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы күзі ерекше. Ару қалада бұл мезгіл басқа маусымдарға ұқсамайтын әсемдігімен көпке белгілі. Кazinform агенттігінің фототілшісі алтын түске боялған шаһар саябақтары мен гүлзарларды аралап, суретке түсіріп қайтты.

Күз мезгілі – табиғатты тамашалауға, әдемі фотосуреттер түсіруге арналған керемет уақыт. Ал, қала саябақтары – тамаша уақыт өткізуге арналған орындардың бірі.
Қала тұрғындары күздің сұлулығын қалт жібермеуге тырысады. Оны көшелерде серуендеп жүрген адамдардан байқауға болады.


Жазда бұл субұрқақтар жанға жайлылық сыйлағандай болса, күзде бойыңды тоңдыра түседі. Десе де судың сылдыраған дыбысы миды тыныштандырады.








Жылдың осы мезгілінде Алматы тауларында ұзақ уақыт серуендеп, табиғат аясына шыққан жақсы. Күз ағаштардың жапырақтарын жарқын бояуларға қанық етеді: сары, сарғылт, қызыл.





Айта кетейік, бұл күндері Алматы қаласында түнгі және таңғы уақыттарда ауа райы салқын болса да, күндіз аспан ашық, күн жылы.









