Алматы әуежайында бірқатар рейс кешігіп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Ауа райына байланысты Алматы халықаралық әуежайында бірқатар рейс кешігіп ұшады.

ұшақ, қыс, қар
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Бұл туралы Алматы әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді. Ұшу уақыты кейінге шегерілген рейстер қатарында «Алматы-Астана», «Алматы-Шымкент» және өзге де бағыттар бар.

— 2025 жылдың 8 қаңтарында қолайсыз ауа райы жағдайларына (қар жауу, тұман) байланысты кейбір ұшып кету рейстері кейінгі уақытқа ауыстырылды, — деп хабарлады әуежайдан.

Еске салайық, бұған дейін төрт облыста көлік қозғалысы қайта жанданатынын жазғанбыз. 

Сондай-ақ Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар