Алматы әуежайында Францияның жалған паспортын көрсеткен екі шетелдік ұсталды

В аэропорту Алматы задержали иностранцев с поддельными паспортами
Фото: ҚР ҰҚК

АЛМАТЫ. KAZINFORM - ҰҚК шекара қызметі Қазақстан аумағын заңсыз қөші-қон үшін маршрут ретінде пайдаланудың кезекті әрекетінің жолын кесті.

Айталық, 1 наурызда Алматы қаласының халықаралық әуежайында шекаралық бақылау кезінде Франция Республикасының жалған құжатын ұсынған 2 шетелдік азамат ұсталды.

Арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың жарамсыздығы расталды. 

В аэропорту Алматы задержали иностранцев с поддельными паспортами
Фото: ҚР ҰҚК

Жалған төлқұжаттар алынды, шетелдік азаматтар депортацияланды.

2024 жылдың басынан шекарашылар өткізу бекеттерінде жарамсыз және бөтен төлқұжат пайдаланудың 38 фактісінің жолын кесті.

ҰҚК шекара қызметі жалған құжаттарды пайдалана отырып, шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін хабарлайды. 

В аэропорту Алматы задержали иностранцев с поддельными паспортами
Фото: ҚР ҰҚК

 

Соңғы жаңалықтар