19:40, 28 Наурыз 2024 | GMT +5
Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы халықаралық әуежайы қолайсыз ауа райына байланысты (жаңбыр, дауыл, 30 м/с дейін екпінді жел) рейстердің кешігіп жатқанын хабарлады.

«Әуежайдың барлық қызметтері 24/7 күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.
Еске салайық, Алматыда кешкі уақытта жел күшейіп, шаңды дауыл тұрды. Салдарынан қалада шаң мен құмды көтерді. Дауылдың арты жаңбырға ұласты.
Сондай-ақ бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы әуежайында бірнеше күн қатарынан рейстердің кешіккенін хабарлағанбыз.