11:44, 13 Наурыз 2024 | GMT +5
Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр
АЛМАТЫ. KAZONFORM – Алматы халықаралық әуежайында жаңбыр мен қардың салдарынан бірнеше рейс кешігіп жатыр.

Әуежайдың онлайн-таблосына шыққан мәлімет бойынша Алматыдан Өскеменге, Петропавлға, Астанаға, Семейге ұшатын рейстер, сондай-ақ Астана, Шымкент және Ақтаудан келетін рейстер кешігіп жатыр.
Әуежайдың баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша Алматы халықаралық әуежайында жерүсті қызмет көрсету қызметтері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
«Ауа-райына байланысты рейстердің кешігуі байқалмайды. Дегенмен, кейбір рейстердің кешігуіне байланысты сұрақтар бойынша тікелей әуе компаниясына хабарласуыңызды сұраймыз», - деп хабарлады Алматы әуежайының баспасөз қызметі.