Алматы әуежайында жаңа автотұрақ пайда болды

Алматы халықаралық әуежайында 140 орынға есептелген жаңа автотұрақ ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы
Фото: Алматы әуежайынан

Алматы халықаралық әуежайдың корпоративтік коммуникациялар департаментінің мәліметі бойынша, 140 орынға есептелген жаңа автотұрақ оңтүстік VIP терминалының вокзал аймағында орналасқан. Қыркүйек айының соңына қарай тағы бірнеше орынға автотұрақ ашылады.

Бұған дейін әуежай басшылығы 250 орындық қосымша автотұрақ орнату туралы шешім қабылдағаны туралы жазған болатынбыз

Қыркүйек айының басында әуежайдың екінші қабатына көтерілуіне мүмкіндік беретін көліктерге арналған пандус ашылған еді. 

Қазір аумағы 55 мың шаршы метр болатын халықаралық әуежайдың жаңа терминалының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Ол 2024 жылдың маусым айында аяқталады деп жоспарланған. Бүгінгі таңда жұмыстың 65 пайыздан астамы орындалды.

Соңғы жаңалықтар