Алматы әуежайында жүргізуші полиция қызметкерін көлігімен сүйреді

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.

Шымкентте полиция қызметкері мопед жүргізушісіне тас лақтырған
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, полиция қызметкері Алматы әуежайында жол ережесін бұзған көлікті тоқтатқан. Жүргізуші заңды талаптарды орындамай, құжаттарды көрсетуден бас тартып, қашуға әрекеттенген. Инспектор автокөліктің қозғалысын тоқтатпақ болған, алайда көлік оны бірнеше метрге сүйреп кеткен.

- Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды: жол жүру ережесін бұзғаны және полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот қаулысымен оған 30 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, - деп хабарлады департаменттен.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда мопед ұрлаған күдікті полиция қызметкерін жолда сүйреп кеткенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар