Алматы әуежайының маңында құрғақ шөп өртенді

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Әлеуметтік желіде әуежай аумағына жақын маңда қара түтін шыққаны туралы ақпарат тарады. 

Астанада Талдыкөл көлінің аумағында құрғақ шөп пен қамыс жанып жатыр
Фото: видеодан кадр/ТЖМ

Алматы әуежайы баспасөз қызметі әуе айлағының аумағында ешқандай төтенше жағдай болмағанын мәлімдеді. Ал Алматы облысы ТЖД мәліметінше, 10:44-те департаменттің кезекші бөліміне Талғар ауданы Гүлдала ауылдық округінің аумағында құрғақ шөп өртенгені туралы қоңырау келіп түскен.

- Өртті жою үшін оқиға орнына Өтеген Батыр ауылының №8 өрт сөндіру бөлімінің 3 қызметкері мен арнайы техника, сондай-ақ Алматы қаласының №11 өрт сөндіру бөлімінің 4 қызметкері мен бір техника жіберілді. Өрт сөндірушілер 500 шаршы метр аумақта құрғақ шөп өртенгенін анықтады. 12:18-де от толық өшірілді. Зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қоймаларында өрт фактілері неліктен көбейгенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар