Алматы балалар арасындағы сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды

Алматы
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда «Алмалы пленэрі – Алмалыдағы көктем» атты бірегей сурет байқауы өтті. 

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының алаңында өткен шығармашылық байқауға оқушылар қатысты. Олар сондай-ақ «Даму бала» дамытушы балалар орталығында көркемдік шеберлік дәрістеріне қатысты. 

«Шығармашылық байқауды «Даму бала» орталықтарының педагогтары ғана емес, Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанованың төрағалығымен қазылар алқасы да қадағалады. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, сондай-ақ Қастеев атындағы өнер және дизайн мектебінің педагогтары сынды өз ісінің хас шеберлері жұмысқа баға берді», - деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Байқауды Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен «Даму Бала» платформасы ұйымдастырды. Байқау үш жас санаты бойынша өтті. Барлық қатысушы дипломдар мен көркем жинақтары бар шопперлерге ие болды. Байқау финалистеріне кәсіби сурет жиынтықтары бар суретшілерге арналған арнайы сөмкелер табысталды. 

Қазылар алқасы үш жас тобында екі «Мүсін» және «Көркем сурет» номинациялары бойынша финалистерді таңдады. 1-3-орын үшін 15 адам номинациялар бойынша жүлдеге ие болды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы хайуанаттар бағында жануарлар жазғы вольерлерге көшірілгенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар