Алматы хайуанаттар бағында жануарлар жазғы вольерлерге көшірілді

жануарлар, құстар, аңдар
Фото: видеодан алынған кадр

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы хайуанаттар бағы әлеуметтік желіде жануарлардың жазғы вольерлерге көшірілгенін хабарлады. 

«Жақсы жаңалығымыз бар. Алматы хайуанаттар бағындағы жануарлардың бәрі жазғы вольерлерге көшірілді. Енді зообақ тіршілігі ерекше жандана бастайды. Далада күн жылынып келеді. Жануарларымыз таза ауамен тыныстап, күн сәулесінен қуат алып, сергек жүретін болады», - деп жазды Instagram парақшасында зообақтың баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, Алматы хайуанаттар бағы күнделікті сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассалар 17:00-ге дейін ашық. 

Еске салсақ, «Алматы жануарларына көмек» қоғамдастығы Алматы хайуанаттар бағындағы ақ аюдың жағдайына алаңдаушылық білдіріп, әлеуметтік желіде жазба қалдырды. Өз кезегінде зообақ ұжымы зообелсенділердің көтерген мәселелері шындыққа жанаспайтынын айтып, жалған ақпаратты тарату ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескерткен болатын. 

Соңғы жаңалықтар