Алматы – Бішкек тас жолында болған жол апатынан бес адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM – Алматы облысында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Алматы – Бішкек тас жолында болған жол апатынан бес адам қаза тапты
Коллаж: Kazinform

Алматы облысында 21 маусым күні сағат 13:00 шамасында Алматы – Бішкек тас жолының 135-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды.

— Алдын ала мәлімет бойынша, 42 жастағы Mitsubishi Pajero жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан ол алдымен Toyota Highlander көлігімен, кейін DAF жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысқан. Апат салдарынан Mitsubishi Pajero көлігінің төрт жолаушысы мен Toyota Highlander көлігінің бір жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Басқа жолаушылар түрлі жарақаттармен жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілді, — деп мәлімдеді полиция департаменті.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар