Алматы-Бішкек тас жолында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Алматы- Бішкек тас жолында ер адамды көлік қағып, мерт қылды.

Алматы дорога пешеход туман жолдар жаяу жүргінші
Фото: Александр Павский/Kazinform

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 17 желтоқсанға қараған түні Алматы-Бішкек тас жолының 23 шақырымында болды.

- Hyundai Elantra көлігінің жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол апаты салдарынан ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, - деп хабарлады ведомстводан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.

- Тергеу жүргізіліп жатыр. Өңір полициясы жаяу жүргіншілерді қырағылық танытуға, жолды тек белгіленген орындарда кесіп өтуге және жол қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырады, - деп атап өтті облыстық ПД баспасөз қызметі.

Осыған дейін Алматы облысында 56 жастағы әйелдің мәйіті табылғаны туралы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар