Алматы бюджетіне 1,8 трлн теңгеден астам салық түсті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Былтыр Алматы бюджетіне 1,8 трлн теңгеден астам кіріс түскен. Салықтың шамамен 70 пайызы шағын және орта кәсіпкерлікке тиесілі.

Алматы бюджетіне 1,8 трлн теңгеден астам салық түсті
Фото: Александр Павский/Kazinform

Алматы қаласының Қаржы басқармасы жергілікті бюджеттің кірісі қала экономикасының қарқынды дамуының арқасында айтарлықтай өсім көрсетіп отырғанын атап өтті.

Айта кетейік, былтыр желтоқсан айында қала мәслихаты Алматының 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекітті. Ел тарихында тұңғыш рет Алматының қалалық бюджеті 2,2 трлн теңгеден асты. Бұл 2022 жылдың басымен салыстырғанда 2,1 есе жоғары. 

Аудандар бюджеті де өсіп жатыр. Мәселен, функцияларды орталықсыздандыруды ескере отырып, Алматының 8 ауданының бюджеті 2022 жылға қарай 6 есе өсумен 293,6 млрд теңге сомасында бекітілді.

2023 жылдың басынан бері Алматы қаласының әкімдігі ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін жобалық құжаттарға үлкен дайындық жүргізді.

Нәтижесінде, 2025 жылы даму бюджеті 2,2 есеге ұлғайып, 458 млрд теңгеге жетті.

– Мемлекет басшысының азаматтардың әл-ауқатын үдемелі арттыру туралы тапсырмасына сәйкес, Алматы бюджеті әлеуметтік бағдарлануын сақтайды. Бұл салаға 2025 жылы 40%-дан астам немесе 894,3 млрд теңге тиесілі, - деп атап өтті қалалық әкімдіктен.

Бұған дейін Алматыда жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызға төмендегені туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар