Алматы дәрігерлері 76 жастағы зейнеткерге ота жасады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматының онкохирургтары қатерлі ісікке шалдыққан науқастың өмірін сақтап қалды.

Алматы дәрігерлері 76 жастағы зейнеткерге ота жасады
Фото: Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 76 жастағы науқас Алматы онкологиялық орталығына тоқ ішек қатерлі ісігінің асқынған түрімен түскен. Дәрігерлер үшін негізгі мәселе ауыр жүрек патологиясы болған.

— Біздің алдымызда сұрақ болды, науқасқа ота жасалмаған жағдайда өлім қаупі төнді. Бірақ хирургиялық ота жасау жүрек жағдайына байланысты өте қауіпті болды, — деп түсіндірді онколог Асылбек Қаржауов.

Дегенмен хирургтер, кардиологтар және анестезиолог-реаниматологтардан құралған консилиум ота жасау туралы шешім қабылдаған.

— Заманауи жабдықтар бізге процедураларды барынша дәлдікпен және мейлінше аз қан жоғалтумен жүргізуге мүмкіндік береді, бұл әсіресе әлсіреген науқастар үшін маңызды, — деді Асылбек Қаржауов.

Сәтті отадан кейін науқас тәулік бойы бақылау үшін анестезиология және қарқынды терапия бөліміне ауыстырылған. Екі күннен кейін ол тұрақты жағдайда жалпы палатаға ауыстырылды. Сегіз күннен кейін ол амбулаториялық емдеуді жалғастыру үшін үйіне шығарылды.

Еске салайық, отандық ғалымдар обырға қарсы препаратты сынаудың шешуші кезеңін бастады.

Соңғы жаңалықтар