«Алматы-Екатеринбор» трассасында жол апатынан екі адам көз жұмды

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – Ақмола облысында «Алматы-Екатеринбор» тас жолының 1347 шақырмында жеңіл көлік аударылып, екі адам көз жұмды.

дтп
Фото: ПД баспасөз қызметі.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты Түрген ауылының маңында болған.

«Анықталғандай, «Алматы-Екатеринбор» тас жолының 1347 шақырмында «Chevrolet Cobalt» көлігінің 33 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай көлік жолдың шетіндегі жыраға аударылған. Салдарынан көліктің ішінде болған жолаушылардың екеуі алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Тағы екі жолаушы мен жүргізуші түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті», - деді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі кезде, сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

Айта кетсек, жыл басынан бері облыс аумағында 15 автокөлік аударылып, одан 3 адам қаза тауып, 16 адам жарақат алған.

Еске салайық, Ақмола облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар