Алматы халықаралық әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы халықаралық әуежайы өзін-өзі өртемек болған жолаушының оқиғасына қатысты түсінік берді.

Алматы халықаралық әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр
Фото: Александр Павский / Kazinform

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлері мен авиациялық қауіпсіздік қызметінің жедел әрекетінің арқасында өрт тез арада сөндіріліп, жолаушыға алғашқы медициналық көмек берілді. Ол ауруханаға жеткізілген.

Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

— Бұл оқиға әуежайдың қызметіне байланысты емес және әуе айлағының жұмысына әсер етпеді. Алматы халықаралық әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматы халықаралық әуежайында бір ер адамның касса жанында өзін өртемек болғанын хабарлаған едік. Полицейлер дер кезінде әрекет етіп, қайғылы жағдайдың алдын алды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар