Алматы халықаралық әуежайы жаңажылдық мерекелер кезінде күшейтілген режимде жұмыс істейді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы халықаралық әуежайы жаңа жыл мерекелері кезінде жолаушылар санының айтарлықтай артуына байланысты күшейтілген жұмыс режиміне көшеді.
Осы кезеңде әуежайдың барлық негізгі қызметі қатаң тәртіппен жұмыс істейді.
– Қосымша ауысымдар енгізіліп, қауіпсіздік шаралары кеңейтіліп, жолаушылар ағынын реттеу және әуежай операцияларының жылдамдығы күшейтіледі, - делінген хабарламада.
Әуежай әкімшілігі жолаушыларға рейске кемінде екі сағат бұрын келуді, белгіленген талаптарды сақтауды және әуежай қызметкерлерінің нұсқауларын орындауды ұсынды. Бұл барлық рәсімді ыңғайлы және уақытылы өтуге мүмкіндік береді.
Еске салайық, бұған дейін Алматы әуежайы Орталық Азиядағы алғашқы арнайы мұздануға қарсы өңдеу алаңы іске қосылғанын хабарлаған еді.