Алматы хайуанаттар бағы кішкентай құстарға арналған қоректендіргіштерді қабылдайды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қыс пен көктем мезгілінің басы кішкентай құстар үшін оңай уақыт емес, себебі олар көгершін, қарға немесе сауысқандар секілді кез келген жағдайда жем-шөп іздей алмайды. Аяз бен азықтың жетіспеушілігінен көктемге дейін 10 кішкентай құстың тек 1-3-і ғана аман жетеді. Сондықтан құстардың қыстан аман шығуына көмектесетін қоректендіргіштерді орналастыру өте маңызды. Бұл туралы Алматы хайуанаттар бағы әлеуметтік желіде мәлім етті. 

Алматы хайуанаттар бағы
Фото: botsadkz

«Кез келген адам қоректендіргішті 20 қаңтар мен 11 ақпан аралығында әкеліп, Бас ботаникалық баққа тегін кірудің екі билетіне айырбастай алады.

Назар аударыңыз! Ұсақ құстарға арналған қоректендіргіштер үлкен құстар мен тиіндердің оларға жақындамауы үшін арнайы жасалған. Бізге тек төзімді ағаш немесе металл конструкциялар қолайлы. Қандай қоректендіргіш жарамды екенін посттағы фотосуреттен көре аласыз. Біз бөтелке, банка, тетрапакеттерден жасалған қоректендіргіштерді қабылдамаймыз.

Дұрыс қоректендіргіштерді жасау ғана емес, құстарды дұрыс тамақтандыру да маңызды. Құстарға қуырылмаған және тұздалмаған күнбағыс дәндерін, бидай, қара бидай, тары, сұлы, жаңғақтар, кептірілген жидектер мен жемістер, тұздалмаған майының бөліктерін беруге болады. Құстарға нан, чипсы, крекер, тұзды, ысталған немесе тәтті тағамдарды бермеу керек, себебі, олар құстар үшін зиянды», - деп хабарлады зообақ өкілдері. 

Қоректендіргіштер күн сайын сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, Тимирязев көшесі, 36 үй, 2 корпус мекенжайы бойынша Солтүстік кіреберіс павильонында қабылданады. Бұл ретте қоректендіргіш кішкентай құстарды тамақтандыруға жарамды болуы керек екенін ескеру керек. Талапқа сай келмейтін қоректендіргіштер қабылданбайды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Главный Ботанический Сад (@botsadkz)

Соңғы жаңалықтар