Алматы хайуанаттар бағында жануарлардың вольерлері жасыл шыршамен безендіріледі

Алматы хайуанаттар бағы тірі шыршаларды қабылдау науқанын бастады, деп хабарлайды Kazinform.

Шыршамен безендіріледі
Фото: «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен

Алматыда Жаңа жыл мерекесінен қалып қойған шыршаларды қоқысқа тастамай, хайуанаттар бағына өткізуге болады. Бұл туралы Алматы хайуанаттар бағының Instagram парақшасы жазды. 

Зообақтың мәліметінше, шыршалар бұғы, қодас, кермаралдардың бақтағы орнын безендіру үшін қойылады. 

«Жануарлар айналасындағы жаңа дүниелерге үнемі үлкен таңданыспен қарайды. Олар кез келген нәрсенің түр-түсін зерттеуге, иісін сезуге, дәмін татуға құмар. Тұрғындарға қажетсіз болып қалған тірі шыршалар біздің жануарлардың мінез-құлқын өзгертуге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада. 

Зообақ ұжымы сондай-ақ тек жақсы жағдайдағы шыршаларды (кеуіп кетпеген, көгермеген, қылқаны түспеген) қабылдайтынын хабарлады. 

Шыршаларды Орманов көшесі, 64 мекенжайында орналасқан Алматы хайуанаттар бағына әкеліп, тапсыруға болады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы хайуанаттар бағы (@almatyzoo)