Алматы хоккейінің түлегі ҰХЛ жобасында таңдалды

АСТАНА. KAZINFORM - Баффалода ҰХЛ драфтының екінші күні басталды. Бірінші күні командалар 32 ойыншыға таңдау жасады.

Данай Шайықов
Фото: ҚХФ

«Нью-Йорк Рейнджерс» қақпашы Данай Шайықовты жалпы 67 нөмірмен таңдады. Ол - алматылық хоккей мектебінің түлегі.

Өткен маусымда 19 жастағы қақпашы Квебектің негізгі жасөспірімдер лигасы тұрақты чемпионаты аясында «Гатино Олимпик» құрамында 50 ойын өткізді. Оның тойтарыс берілген соққылар проценті 90,3, сенімділік коэффициенті 2.78 болды.

Сондай-ақ хоккейші Қазақстан құрамасы сапында халықаралыұ ПСК кубогы жастар турнирінде бақ сынады. Онда Данай Шайықов екі ойын өткізді.

Айта кетсек, драфттың қорытынды рейтингінде үш қазақстандық хоккейші енгізілген. Олардың қатарында Семён Симонов, Әлішер Саркенов және Корней Корнеев бар.

Еске салсақ, бұдан бұрын астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы 2026/2027 жылғы маусымда алғашқы ойынын қашан өткізетіні белгілі болды.