Алматы қаласы әкімі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен қала әкімі аппаратының басшысы қызметіне Ерлан Исабеков тағайындалды.

Алматы қаласы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Фото: Алматы әкімдігі

Ерлан Шойұлы Исабеков әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, «Болашақ» бағдарламасымен Джорджтаун университетін (АҚШ) бітірген. Қолданбалы математика және экономика мамандықтары бойынша магистр дәрежесі бар.

Еңбек жолын Алматы қаласындағы № 131 мектеп-лицейінде математика пәнінің мұғалімі болып бастаған.

2000-2002 жылдары Мемлекеттік кірістер министрлігінде қызмет атқарды. 2002-2008 жылдары — Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінде жұмыс істеді.

2008-2009 жылдары Премьер-Министрдің кенсесінде қызмет атқарды.

2009-2015 жылдары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде басшылық лауазымдарда қызмет етті.

2015-2018 жылдары Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.

2018-2023 жылдары Ақмола облысы Егіндікөл ауданының және Жетісу облысы Қаратал ауданының әкімі болды.

Осы тағайындауға дейін Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеген.

Осыған дейін Алматы қаласы әкімінің коммуникация және БАҚ-пен жұмыс бойынша кеңесшісі тағайындалғаны туралы жазған едік. 

Сондай-ақ Серік Жанайдаров Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болғаны туралы жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар