Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Алматы қаласы әкімінің коммуникация және БАҚ-пен жұмыс бойынша кеңесшісі тағайындалды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алматы қаласы әкімінің коммуникация және БАҚ-пен жұмыс бойынша кеңесшісі
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласы әкімінің коммуникация және БАҚ-пен жұмыс бойынша кеңесшісі болып Ильзат Акчурин тағайындалды.

Ол 2024 жылдан бастап, осы уақытқа дейін «Almaty» телерадиокомпаниясы» АҚ бас директорының орынбасары қызметін атқарды.

Ақпарат саласындағы 15 жылдық еңбегін ол тілші болып бастаған. Одан соң тележүргізуші, Астана қаласындағы тілшілік пункте сараптамалық бағдарламалар бөлімінің басшысы, шығарушы редактор, бас редактордың орынбасары, кейін «Almaty» телерадиокомпаниясының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар департаментінің директоры — бас редакторы қызметін атқарды.

Сондай-ақ, «Таң» және «СТВ» телеарналарында жұмыс істеген.

Бұған дейін «Теңізшевройл» компаниясына жаңа бас директор тағайындалғанын жаздық.

Айта кетейік, саясат, экономика, бизнес, ғылым, мәдениет секілді түрлі салада ел дамуына елеулі үлес қосқан танымал қазақстандықтардың өмірбаяны мен қызықты мәліметтерді мына жерден оқи аласыз.

Соңғы жаңалықтар