Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы қызметінен кетті
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Алтай Бердіқұлов қызметінен кетті.

Алматы мәслихатының кезектен тыс XXХІI сессиясы кезінде мегаполис бойынша Тексеру комиссиясының төрағасын лауазымынан босату мәселесі қаралды.
Алтай Бердіқұлов өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш білдірген. Оған ҚР Жоғары аудиторлық палатасы келісім берді. Мәслихат сессия кезінде депутаттар да оң дауыс беріп, оны лауазымынан босату туралы шешім қабылданды.
Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы қызметін әзірге Данияр Төркешев атқаратын болды.
Еске салайық, кеше Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қызметінен кеткенін жазғанбыз.
Биыл маусым айында Тексеру комиссиясы Алматы әкімдігінің бірнеше кемшілігін көрсеткен еді.